Uncategorized

Аруларымыздың өнері жоғары бағаланды

Ағымдағы жылдың 3-16-шы мамыр күндері аралығында «Алтын ғасыр» шығармашылық орталығы Ұлы Жеңістің 76 жылдығы мен «Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай Республикалық «Ұлы жеңіс» өнер байқауы ұйымдастырылған болатын. Бұл додаға колледжіміздің қыздары да қатысып өз өнерлерін көрсетті.
Аруларымыздың бірі Жұматай Илана «Хореография» жаныры бойынша сайысқа түсіп, еркін тақырыпта үнді биін биледі. Ал, Жұлдызай Жалбырова «Мәнерлеп оқу шеберлігі», «Көркем сөз» бөлімдері бойынша патриоттық сынға түсті. Атап айтқанда, Мұқағали Мақатаевтың «1941 жыл…» атты өленің оқыды. Қос аруымыздың да қазылар алқасының шешімімен I орынға ие болып, арнай диплом және медальдармен марапатталды. Сонымен қатар, студенттерге жетекшілік еткен Светлана Баретова мен менің де еңбегім бағаланып, «Үздік ұстаз» дипломы берілді.
Колледж білім алушыларының осы жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Өнерлерін өрге жүзіп, әлі талай жарыстарда бақтарың жана берсін, дегіміз келеді.