НОВОСТИ

ББМ «Аяжан Қарасай» колледжінің студенттер парламентінің мүшелері ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Менің Отаныма – игі істер» акциясына қатысты.Акция барысында «Жан Шуағы» еріктілер тобы «Нұр Отау» қарттар үйіне барып азық-түлік беріп қайтты. Өз кезегінде жылулық берген білім алушыларға қарт кісілер батасын беріп, алғыстарын айтты. Тәуелсіздігіміз мәңгі болып, еліміздің әрбір азаматы бақытты ғұмыр кешсін. Біздің мақсатымыз қарт кісілердің көңіліне қуаныш сыйлау, мұқтаж жандарға қол ұшын соза білу әрбіріміздің азаматтық борышымыз деп білейік. Осындай игі істеріміз көп болып, жалғасын таба берсін! #студенттікпарламент #МеніңОтанымаИгіІстер #Тәуелсіздіктірегім