НОВОСТИ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған жалпықазақстандық ашық диктант

2021 жылғы 3 қыркүйек сағ.:11.00-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған жалпықазақстандық ашық диктант өтті. Диктанттың тақырыбы – «Тәуелсіздік – басты құндылығымыз!».

 

2021 жылғы 3 қыркүйекте Білім беру мекемесі «Аяжан Қарасай» колледжінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 мамырдағы №271 қаулысымен бекітілген «Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2019 – 2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 40-тармағын орындау аясында 5 қыркүйек–Қазақстан халқы тілдері күні және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған жалпықазақстандық ашық диктант жазуға «Тәуелсіздік – басты құндылығымыз!» атты тақырыпта 30 білім алушы қатысты. 15 білім алушы- «5» өте жақсы, 10 білім алушы –«4» жақсы, 5 білім алушы -«3» «қанағаттанарлық» сапалық құрамын көрсетті. Барлық қатысушыларға үлкен алғысымызды білдіреміз!