НОВОСТИ

Аяжан Қарасай колледжі “Үздік фельдшерлік бригада” сайысы

24.04.2023 жылы Аяжан Карасай колледжінде директордың тәжірибе ісі жөніндегі орынбасары Баретова Светлана Токтаровнаның басшылығымен “Емдеу ісі” мамандығы  3 курс қазақ топтары студенттерінің арасында , жедел жәрдем қызметкерлерінің беделін арттыру, мамандыққа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, студенттердің теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде дамыту мақсатында “Үздік фельдшерлік бригада” атты сайыс өткізілді. Сайысқа 4 қазақ тобы 3 курс студенттері қатысты , сайыс 4 кезең бойынша өткізілді.

  1. Сұрақ-жауап.
  2. Клиникалық жағдайды талдау .
  3. Кім тапқыр.
  4. Үздік тәжірибелік дағды.

4 кезең бойынша студенттерді арнайы шақырылған, дербес әділ қазылар бағалады.

  1. Михневич Ольга Александровна- ШЖҚ МКК Облыстық жедел және шұғыл жәрдем станциясы 19 подстанцияның меңгерушісі
  2. Жуманбаева Камшат  Расовна – Асфендияров атындағы ҚҰМУ –тің балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының асистенті.
  3. Баретова Светлана Токтаровна – Аяжан Карасай колледжінің тәжірибе ісі жөніндегі орынбасары.

Сайыс соңында студенттер әр түрлі номинация және сыйлықтармен марапатталды.

#АяжанҚарасай