НОВОСТИ

Балаларды қорғау, зорлық-зомбылық пен суицидтің алдын алу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 31 тамыздағы №748 қаулысымен бекітілген Балаларды зорлық-зомбылықтан, суицидтің алдын алудан қорғау және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспардың 49-тармағына қатысты төмендегі жайтты хабарлайды.
Аталған тармақты орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Цифырлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті «MSSP.GL» ЖШС-мен бірлесіп интернет желісіндегі балаларды қорғау мәселелерін қамтитын бейнероликтер әзірленді.
Осы бейнероликтер балалардың өмірі мен денсаулығына зардабын тигізетін ақпараттардан қорғауға, ата-аналар тарапынан балалардың әлеуметтік желілік ортасында ақпаратты таңдаудағы жауапкершілігін күшейтуге, сондай-ақ цифрлық сауаттылық пен ықтимал қауіптер туралы хабардарлықты нығайтуға бағытталған.