НОВОСТИ

Діни экстремизмнің алдын алу.

30 қыркүйек 2024ж. Ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, дінтанушы, гуманитарлық ғылымдарының магистрі Тұрсынғали Төреғалиұлымен ББМ “Аяжан Қарасай” колледжінде білім алушылармен кездесу өтті.
Кездесудің негізгі міндеті: діни экстремизмнің алдын алу және жастардың сауаттылығын арттыру. Кездесу барысында дәстүрлі емес діни ағымдар мен олардың пайда болу себептері талқыланды. Нәтижесінде білім алушылар өздерін толғандырған сұрақтарға жан-жақты жауаптар алды.
##АяжанҚарасай#