8.11.23 күні ББМ “Аяжан Қарасай” колледжінде Қарасай ауданының бас имамы Дəуренбек Жандосұлы «Дін, қоғам және жастар» тақырыбында дәріс жүргізді. Мақсаты: діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, білім алушылар арасында діни сауаттылықты арттыру, дін туралы және жалған діни ағымдардың зияндылығы туралы сенімді ақпарат беру, сондай-ақ патриотизмге, отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Өз сөзінде жасөспірімдерге деструктивті діни топтардың жастарды тарту үшін қалай және қандай күш жұмсап жатқанын және олардың жас ұрпақтың болашағына қалай әсер етуі мүмкін екенін түсіндірді.
“Дін, қоғам және жастар” тақырыбында дәріс.
09
Ноя