НОВОСТИ

“Жалындаған жастық шақ” – спорттық жарыс.

Аяжан Қарасай колледжінде «Жалындаған жастық шақ» тақырыбында спорттық жарыстар өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, жастар арасында спортқа қызығушылықты арттыру және өмірге деген тұрақты оң көзқарас қалыптастыру болды.

Жарыс барысында білім алушылар түрлі спорт түрлерінен өзара сайысқа түсіп, ұйымшылдық пен белсенділіктің жоғары деңгейін көрсетті. Іс-шара көңілді, тартысты және тәрбиелік мәні зор жағдайда өтті.

Нәтижесінде, белсенді қатысқан студенттер марапатталып, жеңімпаз командаларға алғыс хаттар табысталды.

Қорытынды: «Жалындаған жастық шақ» спорттық жарысы студенттердің спортқа деген қызығушылығын арттырып, денсаулықтың маңыздылығын ұғындыруға септігін тигізді.

 

#АяжанҚарасаймедколледж