Білім беру мекемесі “Аяжан” колледжінде, Түрксіб ауданы әкімдігі Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Түрксіб аудандық “Қазақ тілі” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен “Құт мекенім-Қазақстан!” атты өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен іс-шара болып өтті.
Алғысөзбен Білім беру мекемесі “Аяжан” колледжінің директоры,Түрксіб аудандық “Қазақ тілі” қоғамдық бірлестігінің төрағасы -Құрымбаева Күлдарихан Құржыққызы ашты. Алғыс айту күні жыл сайын елімізде кеңінен атап өтілетініне тоқтала келіп, бір шаңырақ астында , тату-тәтті өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдерінің Қазақстанға келу тарихына қысқаша тоқталып өтті.
Мохаммед Саруар Омар – «Ассамблея жастары» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласы бойынша төраға міндетін атқарушы. Ассамблея жастарының ықпалымен атқарылып жатқан еліміздегі көптеген іс-шараларға тоқталды.
Йылмаз Сафарауль – «Ассамблея жастары» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласы бойынша төраға орынбасары.Ассамблея жастарымен бірігіп жұмыс жасауға әрдайым дайын екендіктерін білдірді.
Данияр Әлбозым – Наурызбай ауданы “Қазақ тілі” қоғамы төрағасы, жазушы. Сөз барысында, өзінің тұрған Жандосов ауылында болгар ұлтымен болған қызықты әңгімені баяндап берді. Әңгіме барысында, қазақ елдіне, жеріне үлкен алғысын білдіргенін, қиын кезеңде қол ұшын бергенін, осы күнге дейін көзіне жас алып еске алатынын айтты.