НОВОСТИ

2021 жылдың 5,6 қазан күні Алматы облысы Полиция Департаменті Қарасай ауданының Полиция Басқармасы Полиция мойоры Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторы 1,2 курс білім алушыларымен «Құқық бұзушылықтың алдын алу«, «Террористік және экстремистік қатерлердің алдын алу» бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді. Түсіндіру жұмысында қазіргі кезде жастар арасында көп тараған тәртіп бұзушылық туралы, кәмелеттік жасқа толмаған балалардың заң жүзіндегі міндеттері туралы ақпарат беріліп, Қазіргідей оқу кезіндегі жеке бастың сақтық шараларынан да мағлұмат береді.