«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ:ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ –САНЖАР АСФЕНДИЯРОВ» АТТЫ С.АСФЕНДИЯРОВТЫҢ ТУҒАНЫНА – 130 ТОЛУЫНА ОРАЙ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
Іс шараның арнайы шақырылған қонақтары:
Зайсанбаев Төлеубек Ғазиатұлы– С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті Тілдік пәндер кафедрасының доценті, ф.ғ.к.
Жүнісбаев Алмас Әбдіғаниұлы– Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты ғылыми қызметкері, санжартанушы.
- «Емдеу ісі» мамандығы 1 курс білім алушысы Мәлік Дамирдің орындауында Дидар Хамиттің «Алаш арыстары» өлеңін оқылды.
- СД 102 «д» тобының білім алушылары Амоева Елизавета мен Нұрлан Аиша «С.Асфендиаров- медицина тарихының негізін қалаушы» деген тақырыпта баяндама жасады.
Ғылыми жетекшісі «Қазақстан тарихы» пәнінің оқытушысы – Гүлмира ляззатқызы Нүспекова
- Зайсанбаев Төлеубек Ғазиатұлы– С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті Тілдік пәндер кафедрасының доценті, ф.ғ.к. «С.Асфендияров –Тұлға» атты тақырыпта баяндама жасады
- Жүнісбаев Алмас Әбдіғаниұлы– Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты ғылыми қызметкері, санжартанушы. С.Асфендияров туралы толығымен тағлымды ақпарат беріп, ғылыми зерттеулерге тоқталып, бүге –шігесіне дейін түсіндіріп өз кітабын естелікке колледж әкімшілігіне сыйға тартты.