Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні аясында ШЖҚ «Қарасай клиникалық көпбейінді орталық ауруханасы» КММ мамандарының қатысуымен ББМ Аяжан Қарасай колледжінде ақпараттық-танымдық лекция ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттер арасында туберкулез ауруының алдын алу, оның жұғу жолдары, белгілері мен сақтану шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау.
Лекция барысында колледж медбикесі Төлегенова Ш.Қ., Қарасай аудандық эпидемиология бөлімінің бас маманы Сисенбаева М.З., фтизиатр дәрігер Хадиша Исламовна және салауатты өмір салты кабинетінің меңгерушісі Қожахметова Айнұр өз салалары бойынша маңызды ақпараттармен бөлісті.
Мамандар туберкулездің алдын алу жолдарына ерекше тоқталып, дер кезінде медициналық тексерістен өтудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, аурудың алғашқы белгілері байқалған жағдайда бірден дәрігерге жүгіну қажеттігі түсіндірілді.
Іс-шара барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан толыққанды жауап алды. Кездесу мазмұнды әрі пайдалы өтіп, қатысушыларға үлкен әсер қалдырды.
Қорытындылай келе, мұндай шаралар жастардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттырып, салауатты өмір салты қалыптастыруға өз үлесін қосады.
Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай Туберкулезді жеңе аламыз. Лекция.
25
Мар