НОВОСТИ

“Аяжан Қарасай” колледжі Семинар – тренинг

1.11.2023 күні “Аяжан Қарасай”  колледжінде “тиімді әдіс-тәсілдер мен жаңа технологияларды оқуда пайдалану” тақырыбында семинар-тренинг өтті. Физика пәнінің оқытушысы Советжанова Мадина Саятжанқызы және педагог-психолог Әсембаева Жансая Бауыржанқызы  біліктілікті арттыру курсынан алған мағлұматтарын оқытушылармен бөлісті. Сонымен қатар, QR – кодты құрастыру және оқуда тиімді пайдалану жайлы методист Пярина Светлана Викторовна  қосымша мағлұмат беріп,  QR – кодтың жасалу жолын үйретті. Семинар соңында рефлекция жасалынды. Оқытушылар семинар жайлы өз ойын жазып,  жеміс ағашына ілді.