НОВОСТИ

Армысың, Әз-Наурыз – береке бастауы!

«Армысың, әз Наурыз – береке бастауы» тақырыбында ББМ «Аяжан Қарасай колледжінде» мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, салт-дәстүрді насихаттау, студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту және бірлік пен татулықты нығайту болды.
Мерекелік бағдарлама аясында қазақтың ұлттық ойындары, ән-билер, көріністер қойылып, Наурыз мейрамының маңызы мен ерекшелігі кеңінен насихатталды. Студенттер түрлі тақырыптағы ауыл көріністерін сахналап, қонақтарға ұлттық тағамдардан дастархан жайды. Сонымен қатар, «Абай ауылы», «Батырлар ауылы» сынды бөлімдер ұйымдастырылып, әр топ өз өнерлерін көрсетті.
Іс-шара барысында қатысушылар белсенділік танытып, ұлттық киімдер киіп, қазақ халқының бай мәдениетін паш етті. Мереке көтеріңкі көңіл-күйде өтіп, көрермендерге ерекше әсер қалдырды.
Қорытындылай келе, бұл іс-шара студенттердің патриоттық сезімін арттырып, ұлттық рухты нығайтуға үлкен үлес қосты.