НОВОСТИ

Спорттық жарыс ұйымдастырылды.

Аяжан Қарасай колледжі білім алушылары арасында ұлттық ойындарды насихаттау және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында спорттық жарыс ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қатысушылар қазақтың дәстүрлі ойындары бойынша өз бақтарын сынады. Атап айтқанда, қол күрес, арқан тарту және асық ату сайыстары өткізілді. Жарысқа қатысқан студенттер белсенділік танытып, өзара ұйымшылдық пен шапшаңдықтарын көрсетті.
Аталған жарыстың басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру және достық қарым-қатынасты нығайту болып табылады.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, арнайы дипломдар мен алғыс хаттармен марапатталды.